Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілі туралы да пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтудің маңызына тоқталған.
"Елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста орыс тілінің атқаратын рөлін атап өткен маңызды. Орыс тілі өзара түсінісуге, білім беру, ғылым салаларындағы серіктестік пен адамдар арасындағы байланыс кеңеюіне ықпал етіп келеді. Бұл - айдан анық дүние. Сондықтан қадірлі әріптестерімді Халықаралық орыс тілі ұйымының қызметін қолдауға шақырамын. Дүние жүзінде орыс тілін әртүрлі деңгейде меңгерген 300 миллионға жуық халық бар. Сондықтан бұл ұйымның келешегі жарқын. Мен бұған сенімдімін. Сонымен қатар, ТМД елдерінің тілдері мен мәдени әралуандығын көздің қарашығындай сақтап, бүкіл халықтың тарихына, дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау аса маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.