Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.