«Сатып ал, мініп көр, қайтар»: Қазақстанда көлік иелену мәдениеті қалай өзгеріп жатыр?

«Сатып ал, мініп көр, қайтар»: Қазақстанда көлік иелену мәдениеті қалай өзгеріп жатыр?

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Бұл көлік сатып алудың жаңа тәсілі болмақ. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елінде автомобиль нарығында бұрыннан қолданылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кәдімгі автокредиттен айырмашылығы, лизинг көлікті пайдалануда көбірек мүмкіндік береді. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң клиент көлікті өз меншігіне сатып ала алады, басқа модельді таңдап, жаңа келісімшарт жасайды немесе көлікті лизинг компаниясына қайтарады. Мұндай тәсіл әсіресе көлігін үнемі жаңартып отыруды қалайтын, бірақ ескі көлігін сатумен айналысқысы келмейтін адамдарға тиімді.

Лизингтің басты артықшылықтарының бірі – келісімшарт соңында төленетін қалдық төлем. Бұл жағдайда көлік құнының бір бөлігі келісімшарттың соңына қалдырылып, ай сайынғы төлемдерге қосылмайды. Соның арқасында келісімшарт мерзімі ішінде төленетін ай сайынғы сома азаяды. Егер клиент жаңа келісімшарт жасаса, қалдық төлемді басқа көлікке бастапқы жарна ретінде пайдалануға болады.

Мұндай тәсіл Еуропа нарығында бұрыннан қалыптасқан тәжірибеге айналған. Корпоративтік көлік пен лизинг сегментінде сұранысқа ие брендтердің бірі – Škoda. Бұл марканың көліктерін автопаркті ең алдымен жұмыс құралы ретінде қарастыратын компаниялар таңдайды. Өйткені көліктің бір күн тұрып қалуының өзі қосымша шығынға әкеледі, ал оны пайдалануға кететін шығынның алдын ала есептелуі бизнестің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Қазақстан нарығында Škoda маркасы отандық Allur автомобиль компаниясының портфелінде ұсынылған. Модельдер Қостанай қаласындағы аттас зауытта шығарылады.

2023 жылғы статистикаға сәйкес, Škoda Superb моделінің сатылымының 90%-ы, Octavia моделінің жалпы сатылымының 87%-ы және Kodiaq моделінің 75%-ы корпоративтік автопарк пен компанияларға арналған fleet бағыты арқылы жүзеге асқан.

2024 жылы Škoda әлем бойынша 926 567 автокөлік сатты. Еуропалық одақ елдеріндегі корпоративтік автопарктерге нарық үлесінің 8,2%-ы тиесілі болды.

2025 жыл компания үшін бұдан да табысты болды. Еуропада сатылған Škoda көліктерінің жалпы санының 66%-ын корпоративтік клиенттер сатып алған. Škoda еуропалық корпоративтік көлік нарығында 8,9% үлеспен екінші орынға шықты.

Еуропада ұзақ жылдан бері сұранысқа ие Škoda Octavia Еуропалық одақтың 21 елінде өз класындағы ең көп сатылатын көліктер тізімінде тұрақты түрде көш бастап келеді. Сондай-ақ ол «True Fleets» сегментінде тіркелген көліктер саны бойынша да алдыңғы орында. Škoda көліктерін корпоративтік автопарктерінде пайдаланатын компаниялардың қатарында Nestle, Siemens және басқа да ұйымдар бар.

Соңғы онжылдықтағы Škoda брендінің дамуына көз жүгіртсек, компания корпоративтік және fleet сегментіндегі орнын біртіндеп нығайтқанын көруге болады. Осы уақыт ішінде Škoda дәстүрлі қызметтік көліктер нарығында, әсіресе Octavia мен Superb модельдері арқылы танылған өндірушіден Еуропадағы жетекші корпоративтік көлік брендтерінің біріне айналды. Бұған негізгі модельдерді корпоративтік клиенттердің көптеп таңдауы, сондай-ақ Kodiaq және басқа да жол талғамайтын көліктер есебінен модельдер қатарын кеңейту ықпал етті.

Халықаралық нарықтағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жарқын мысалдарының бірі – Coca-Cola компаниясы. Škoda мен Coca-Cola 30 жылдан астам уақыт бойы серіктес болып келеді. Еуропалық брендтің көліктері компанияның Чехия, Словакия, Польша, Швейцария және Норвегияны қоса алғанда, Еуропаның шамамен 30 еліндегі корпоративтік автопарктерінде пайдаланылады. Coca-Cola 1990-жылдардан бері Škoda маркасының мыңдаған көлігін қолданған.

Coca-Cola компаниясының автопаркті басқару жөніндегі менеджері Мартин Придала осы марканың таңдалу себебін түсіндірді:

«Дегенмен Coca-Cola HBC компаниясының Škoda көліктерін таңдауы олардың сенімділігімен ғана байланысты емес. Қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға сәйкестік те маңызды рөл атқарады. Компания қауіпсіздікті қамтамасыз ететін көптеген жабдықтары бар көліктерді сатып алады.

«Біздің автопарктегі барлық модель соқыр аймақтарды бақылау жүйесі, жолақта жүруге көмектесетін жүйе, круиз-бақылау, жүргізушінің шаршағанын анықтайтын датчик, фараларды қосуға көмектесетін жүйе және басқа да қауіпсіздік функцияларымен жабдықталған. Осының арқасында жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайттық. 2013 жылы мұндай оқиғалар шамамен 70 болса, қазір олардың саны он есе азайды. Сондай-ақ қызметкерлеріміздің ешқайсысы ауыр жарақат алмағанын қуана хабарлаймыз».

Лизинг іс жүзінде көліктің сапасын, ұзаққа жарамдылығын, жөндеуге қолайлылығын және ең бастысы, екінші нарықтағы өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң қайтарылған көлік лизинг компаниясының активі болып қала береді. Сондықтан компания оны құнын барынша аз жоғалтып, қысқа мерзімде қайта сатуға мүдделі. Осы себепті көліктің қалдық құнының жоғары болуы және екінші нарықта оған тұрақты сұраныстың сақталуы лизинг бағдарламасына арналған модельді таңдаудағы негізгі өлшемдердің біріне айналады.

Сондықтан халықаралық компаниялар корпоративтік автопарктерге арналған брендтерді таңдағанда өз рейтингтері мен талаптарын қалыптастырады. Олар көліктің жалпы иелену құнын, сенімділігін, екінші нарықтағы өтімділігін және қызмет көрсету шығындарын кешенді түрде бағалайды. Škoda мұндай рейтингтерде алдыңғы орындардан көрінеді. Бұл бренд көліктерінің автопарк тиімділігі қаржылық нәтижеге тікелей әсер ететін компаниялар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Бұл тәжірибе Қазақстанда да біртіндеп дамып келеді. Қазірдің өзінде Škoda көліктері Pfizer, Red Bull, DHL және басқа да халықаралық компаниялардың корпоративтік автопарктерінде пайдаланылып жүр.

Еуропалық брендтің көліктері Қазақстан халқының қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысы бар мемлекеттік қызметтердің автопарктерінде де белсенді қолданыла бастады.

«Қазіргі баға бәсекесі күшейіп, нарықта ұсыныс көбейген кезеңде ең бастысы – сапаның артында тынымсыз еңбек, қомақты инвестиция, жылдар бойғы зерттеу мен өнімді жетілдіру жұмыстары тұрғанын ұмытпау. Баға мен сапаның арасындағы тепе-теңдікті табу – бизнес үшін де, қарапайым тұтынушы үшін де экономикалық сауаттылық пен қауіпсіздіктің негізі.

Škoda көліктерін әлемдегі ірі халықаралық корпорациялар мен мемлекеттік қызметтердің, такси және көлікті ортақ пайдалану қызметтерінің таңдауы бекер емес. Өйткені мұндай салаларда сенімділік, жөндеуге қолайлылық, көлікті ұзақ уақыт пайдалану мүмкіндігі және ең бастысы, үздіксіз қозғалыс – кәсіпорынның жұмыс істеуі үшін шешуші факторлар. Басқаша айтқанда, мұнда уақыт шынымен ақшаға тең, ал кейде сол уақыттың құны адам өмірімен өлшенеді.

Бұған дейін тек заңды тұлғаларға қолжетімді болған көлік сатып алу құралы енді азаматтарымызға да ұсынылып отыр. Біз Қазақстандағы қазіргі және болашақ көлік иелеріне Škoda автокөліктерін лизинг арқылы сатып алудың қосымша баламасы мен ыңғайлы қызметін ұсынуға қуаныштымыз. Клиенттің әрдайым таңдауы болуы керек. Таңдау мүмкіндігі – кез келген табысты бизнес пен жобаның басты қағидаларының бірі», – деді Қазақстандағы Škoda дистрибуциясының басшысы Андрей Тананыкин бағдарламаның іске қосылуына қатысты пікір білдіріп.

Брендтің сенімділігі, үнемділігі және көліктің қалдық құнының жоғары болуы Škoda маркасын корпоративтік клиенттер үшін ғана емес, жеке тұлғаларға арналған лизинг бағдарламалары үшін де тиімді таңдау етеді.

Бұған дейін лизинг көбіне корпоративтік автопарктермен және ірі бизнеспен байланысты болса, бұл құралдың дамуы жағдайды біртіндеп өзгертіп келеді. Енді көлікті лизингке алу мүмкіндігі жеке тұлғаларға да қолжетімді. Бұл қарапайым тұтынушылардың таңдауын кеңейтеді. Көлікті бірден толық құнын төлеп сатып алуға немесе дәстүрлі автокредит рәсімдеуге балама ретінде жаңа қаржыландыру құралы ұсынылады. Оның көмегімен жаңа көлікті кепіл мен кепілгерге қойылатын талаптарға, сондай-ақ банктік кредиттің қатаң төлем кестесіне тәуелді болмай, икемді шарттармен пайдалануға болады.

Лизингті жалғастыру тиімсіз болған жағдайда, көлікті мерзімінен бұрын қайтарып, келісімшартты тоқтату мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл әсіресе өз қажеттілігін ескеріп, тиімді шешім қабылдағысы келетін адамдарға қолайлы.

Бұған түрлі жағдай себеп болуы мүмкін: отбасыға жаңа көлік алынуы, көліктің өлшеміне немесе түріне деген қажеттіліктің өзгеруі, қазіргі көліктің өмір салтына сай келмеуі және тағы басқа.

Мұндай жағдайда мынадай түсінікті рәсім қолданылады:

Келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беру;

Келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату шарттарын есептеу;

Көлікті тексеру және бағалау;

Көлікті қайтару актісін рәсімдеу;

Көлікті лизинг берушіге тапсыру;

Қорытынды қаржылық есеп айырысу;

Келісімшартты жабу.

Еуропалық брендтің көліктерін жеке тұлғалар бастапқы жарнасы 20%-дан басталатын шарттармен лизингке ала алады. Қаржыландыру сомасы 1 миллион теңгеден басталады, ал келісімшарттың ең қысқа мерзімі – 37 ай. Лизинг бағдарламасы бойынша сатып алынатын көліктің нақты бағасын дилерлік орталықтағы қаржы кеңесшілерінен білу қажет.

Лизингке өтінімді Škoda дилерлік орталықтарында Allur Finance арқылы немесе Nomad Leasing Solutions лизинг компаниясының сайтында беруге болады.

Сондай-ақ Škoda-ның ресми дистрибьюторы брендтің барлық модельдеріне арналған қолданыстағы қаржылық ұсыныстар туралы еске салады.

«Адал еуропалық» («Честный Европеец») бағдарламасы аясында мына модельдер ұсынылады: Kodiaq көлігінің бағасы 17 990 000 теңгеден басталады. Соңғы буындағы Octavia моделінің 1.4 TSI қозғалтқышы бар Selection және SportLine жинақтамалары 16 490 000 теңгеден сатылады. Ал Škoda Superb флагмандық лифтбегін 3 000 000 теңге жеңілдікпен сатып алуға болады.

Сондай-ақ 2.0 TSI қозғалтқышы бар Octavia және қалада жүруге арналған ықшам кроссовер Škoda Karoq «Еуропадағыдай пайыз» («Процент как в Европе») бағдарламасы бойынша тиімді шарттармен ұсынылады. Бастапқы жарна 40% болған жағдайда, үш жылға жылдық 0,1% мөлшерлемемен рәсімдеуге болады.

Қазақстан аумағындағы ресми дилерлерден сатып алынған барлық көлікке жүріс қашықтығына шектеу қойылмайтын екі жылдық кепілдік беріледі. Үшінші жылдағы кепілдік 100 000 шақырым жүріске дейін қолданылады.

Жеке тұлғаларға арналған лизингтің енгізілуі Қазақстанның автомобиль нарығын дамытудағы жаңа кезеңге айналуы мүмкін. Сатып алушылар үшін бұл қаржылық мүмкіндіктердің кеңеюін және заманауи көліктерді икемді шарттармен пайдалану мүмкіндігін білдіреді. Ал өндірушілер үшін көлікті ұзақ мерзім пайдаланудың тиімділігіне және өнім сапасына басымдық беретін ұсыныстарды дамытуға қосымша серпін береді.