Баланың болашақта сапалы білім алуының негізі бүгін қаланады

Баланың болашақта сапалы білім алуының негізі бүгін қаланады

Бала мектепте оқып жүргенде жоғары білім алуға жұмсалатын шығын – болашақтың еншісіндегі шаруа болып көрінеді. Бірақ орта мектептегі уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Грантқа іліне алмаған немесе жоспары күрт өзгерген кезде талапкерлердің бәрінің қаржылық жағдайы ақылы оқуды көтере алмайды. Отбасының бюджетінің бүйірін теспей, оқу ақысын қиналмай төлеу жолдары бар ма? Қазақстандық бір отбасының басынан өткен оқиғамен байланыстыра отырып талдап көрейік.

Атыраулық Гүлнара Джуматова мұндай жағдайға дайындықты ерте бастады. Үш жыл бұрын, ұлы Нури 9-сыныпта оқып жүргенде, ол Bilim-life білім беру жинақтаушы сақтандыру полисін рәсімдеді. Университетке түсуге дейінгі үш жыл осы шартты жасауға негіз болды.

Сақтандыру кезеңінің қысқа екенін ескере отырып, Гүлнара 2 млн теңгені бірден салуға бел буды. Үш жыл бойы Halyk life ұсынатын арнайы жинақтаушы бағдарламаның шартына сәйкес мемлекеттің сыйлықақы мен компания кірісін қоса отырып қордаланды. Нәтижесінде шарт мерзімі аяқталғанда сақтандыру сомасы 2,78 млн теңгеге жетті. Осылайша, бастапқы жарнамен салыстырғанда сома 780 мың теңгеге немесе 39%-ға ұлғайды.

Бағдарламаның әдеттегі банк депозитінен айырмасы неде? Bilim-Life-те қосымша сақтандыру бар. Егер сақтандырушы қандай да бір жағдайға ұшыраса – әрі қарай жарналарды сақтандыру компаниясы төлей береді. Бала шарт мерзімі келгенде сақтандыру төлемін толық алады. Яғни, күтпеген жағдай бастапқы мақсат – білім алуға қаражат жинаудан бас тартуға әкелмейді.

Полистің қорғауындағы қаржылай мақсат

Шарт бойынша клиент өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауды жалғастыра береді, ал оның жинағына кепілді кіріс – 8% дейін және мемлекеттің 5%-тен 7%-ға дейінгі сыйлықақысы, бастапқы білім беру капиталы қосылады.

Есеп мөлшері мен талаптары нақты шарт параметрі мен бағдарлама талаптарына байланысты.

Bilim-Life-тің тағы бір ерекшелігі – шартты өзге жағдайға бейімдеу мүмкіндігі. Үлкен бала грантқа түссе сақтандыру шартын кейінгі балаға қайта рәсімдеуге болады.

Сақтандыру бүкіл әлем бойынша тәулігіне 24 сағатты қамтиды.

«Бұл – жай ғана ақша жинау емес еді»

Үш жыл ішінде Нуридің жоспары өзгерді. О баста анасымен: «егер грантқа түссем қаражатқа автокөлік сатып алам»-деп келіскен еді. Алайда, осы уақыт ішінде Нуридің пайымы жетілді.

«Біз Bilim Life рәсімдеген кезде тоғызыншы сыныпта оқитын едім. Биыл грант иеленіп, Coventry University Kazakhstan-ға түстім, ал жинаған қаражатты стартапымды дамытуға жұмсағым келеді. Мен үшін бұл жай ғана ақша жинау емес, өз идеямды жүзеге асырудың нақты мүмкіндігі»,-дейді Нури.

Бұл отбасының сәтті кейсі ата-ананың балаға мектеп жасында қаржылық мақсат қоюы – уақыт өте келе үлкен белестерге жетелеуі мүмкін екенін көрсетеді. Ең бастысы – дайын қаржы сәтті шешім қабылдауға көбірек мүмкіндік береді.

Неліктен ертерек қимылдау керек

Bilim-Life 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге шарт жасауға мүмкіндік береді. Жинақтарды ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жыл сайын немесе бір рет салуға болады. Неғұрлым ертерек – соғұрлым тиімді.

Бағдарламаны білім алам, жетілдірем деген ересектер де пайдалана алады.

Ал жинақ: капитал жинау, мемлекеттің қолдауы және сақтандыру қорғанысы деген бірнеше элементтің басын қосады.

Отбасы үшін бұл – қаржылық мақсат қосымша қорғалады дегенді білдіреді. Егер өмірде күтпеген жағдай болып, тағдырлар өзгерген кезде де сақтандыру компаниясы шартта көзделген міндеттемелерін бағдарлама шартына сай орындап шығады.

Нуридің табысты тарихы анасының үш жыл бұрын сауатты шешімінен бастау алды. Бүгінде бұл капитал оның оқуын жалғастырып қана қоймай, келесі қадам – кәсіпкерлік идеясына инвестиция салу мүмкіндігіне айналды.

Bilim-Life – білім беру капиталын жинау және сонымен бірге отбасының қаржылай мақсатын қорғауға көмектесетін құрал.