Қазақстанда тұтынушылық несие портфелінің өсімі бір жылда 14,6%-дан 7,5%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, өсімнің баяулауына кепілсіз тұтынушылық несие беруге қойылған шектеулер әсер еткен. Соңғы екі жылда қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу талаптары күшейтілді. Сондай-ақ төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда несие беруге тыйым салынды.
Бұдан бөлек, тұтынушылық несие сомасына шектеу қойылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары деңгейі төмендетілді. Сонымен қатар агенттік өкілдері банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен кездесіп, қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес мәселесін талқылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегіне сәйкес, алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер саны 2024 жылы 8,7 мың болса, 2026 жылы 1,9 мыңға дейін азайған.