Алматы облысында иттерге арналған панажай иесінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында иттерге арналған панажай иесінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөз

Алматы облысында иттерге арналған панажай иесінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Твардовский дом" иесінің өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін БАҚ-та оның бірнеше оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Полиция департаменті басшылығы істің барысын ерекше бақылауға алған.

Облыстық Полиция департаменті ер адам өлтірілгенін растады. Ведомство мәліметінше, 7 қазанда кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір күдіктілерді ұстауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Ер адамның өлімінен кейін оның панажайындағы 90-ға жуық ит панасыз қалған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес иттер далада, қоршаусыз, күтімсіз қалған.