Қазақстанда 4 867 адам донорлық ағза кезегінде тұр

Қазақстанда 4 867 адам донорлық ағза кезегінде тұр
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда донорлық ағзаға мұқтаж 4 867 адам кезекте тұр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Олардың арасында 126 бала бар. Биыл тоғыз айда елде 208 трансплантация жасалған. Оның 42-сінде қайтыс болған донорлардың ағзалары пайдаланылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 17 158 адам қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донор ретінде пайдалануға келісім берген.