Көкшетаудағы мектептердің біріне үсті-басы қан-қан ер адам баса-көктеп кірген

Кәмшат Тілеухан 24 нау. 2025 14:10 1209

Көкшетауда №13 мектеп-гимназиясы территориясына енген ер адам жүгіріп жүріп, жан-жағын талқандаған. Бірнеше минут ішінде ол терезелерді сындырып, мектептің құлыптаулы сыртқы есігін жұлып алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық білім бөлімі аталған оқиғаның 23 наурызда болғанын нақтылайды. Ер адам, алдымен бас ғимараттың терезесін сындырған. Одан кейін ол бастауыш мектеп ғимаратына қарай жүгіріп, құлыптаулы есікті жұлып алған. Осылайша турникеттен секіріп өткен ол корпусқа кіріп кеткен. 

"Күзетші бірден оқиға орнына жедел әрекет ету тобын шақырды. Ер адам ұсталды. Мектептегілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Мектеп әкімшілігі полицияға арыз жазды. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде", - дейді білім бөліміндегілер
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның есірткіге елітіп алғанын, қазір құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша іс тіркелгенін нақтылайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар