Павлодар облысында 7 шенеунік жауапқа тартылды

Сағыныш Сардарова 02 сәу. 2026 16:27

Павлодар облысында 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның 8-бабына сай міндетін дұрыс орындамаған қатысушы деп тану үшін сотқа 30 күн ішінде жүгіну керек. Бірақ мемлекеттік мекемелер бұл мерзімді жиі сақтамайды.

Мұндай әрекетсіздік жеткізушінің жауапкершіліктен құтылып кетуіне жол ашады. Осы үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 207-бабы 10-бөлігінде лауазымды тұлғаларға жауапкершілік қаралған.

2025 жылғы 27 қарашада мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот "Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімінің аппараты" мекемесінің "Әмір" жеке кәсіпкерін міндетін дұрыс орындамаған қатысушы деп тану туралы талабын қанағаттандырмаған.

Іс құжаттарына қарағанда, жеткізуші шарттағы міндетін уақытында орындамаған. Бұл туралы талапкер 2025 жылғы 15 қыркүйекте білген. Бірақ сотқа тек 29 қазанда жүгінген, яғни белгіленген 30 күннен кеш.

Осы жайтты тексерген облыс прокуратурасы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қадағалау актісін жолдады. Нәтижесінде 7 лауазымды адам әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл бюджетке өндірілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove