Қызылордада кортежбен ойран салған төрт жүргізуші қамалды, жеті көлік айыптұраққа қойылды

Қызылордада кортежбен ойран салған төрт жүргізуші қамалды, жеті көлік айыптұраққа қойылды
видео кадры

Қызылордада жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушылары жазаланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері құқыққа қайшы бейнежазбаны анықтады.

Полицейлер бірнеше жүргізуші кортеж ұйымдастырғанын анықтап, құқықбұзушылықтың жолын кесті.

Кортеж қозғалысы барысында жүргізушілер маневр жасау қағидаларын және міндетті сақтандыру талаптарын бұзып, жол апаты жағдайын туғызған. Бұған қоса олар көлікті тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған, сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Барлық қатысушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олар 19-26 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты.

8 құқық адамға қатысты 27 хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды. Олардың ішінде төртеуі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жеті көлік арнайы тұраққа қойылды.