Қазақстанда ауасы ең лас қалалар анықталды

Қазақстанда ауасы ең лас қалалар анықталды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда ауасы ең лас қалалар анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, Қарағанды мен Астанада ауа сапасы өте нашар болған. Қыркүйекте мамандар елдегі 69 елді мекеннің ауа сапасын тексерген. Мониторинг нәтижесінде екі елді мекенде ауаның ластану деңгейі өте жоғары, жетеуінде жоғары, 27-сінде көтеріңкі, ал 33-інде төмен болған.

Ауаның ластану деңгейі өте жоғары елді мекендер қатарына Қарағанды мен Астана кірді.

Ал Алматы, Павлодар, Теміртау, Петропавл қалаларында, Шұбаршы кентінде, Жанбай ауылында және Түркістан облысындағы Достық елді мекенінде ластану деңгейі жоғары болған.

Ауаның ластану деңгейі көтеріңкі 27 елді мекеннің тізіміне Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Қостанай, Семей, Арқалық, Риддер, Талдықорған, Тараз, Жезқазған, Сәтбаев, Түркістан, Талғар, Жітіқара, Қандыағаш, Арал, Шу, Аягөз, Хромтау, Индербор, Ганюшкино, Кеңқияқ, Шиелі, Қарабалық және Састөбе кірді.

Ал Көкшетау, Орал, Қызылорда, Екібастұз, Балқаш, Рудный, Жаңаөзен, Степногорск және Щучинск қалалары ауаның ластану деңгейі төмен 33 елді мекеннің қатарында аталды.

Қыркүйекте Қазгидромет мамандары 69 елді мекендегі 173 бақылау бекетінде ауа сапасын қадағалаған. Оның 45-інде сынамалар қолмен алынса, қалған 128 бекет автоматты түрде жұмыс істеген.