Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жекелей сындағы рейтингінде бірінші орынды иеленетініне кепілдік берді. Ол Токиодағы WTA 500 турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін маусымның соңына дейін ең жақын қарсыластарын шаң қаптырып кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Рыбакина - жыл қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жекелей рейтингте көш бастайтын Азия елінің тұңғыш өкілі. Осылайша, оның жетістігі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Азия теннисі үшін тарихи оқиғаға айналды.
Елена жанкүйерлеріне алғыс айтты.
"Жылды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтайтыныма өте бақыттымын. Жыл бойы маған қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Келесі жылы да осындай жоғары деңгейде өнер көрсетуді жалғастыра аламын деп үміттенемін", - деді Рыбакина.
Қазір қазақстандық теннисшінің лайв-рейтингте 9501 ұпайы бар, ал екінші орында тұрған Арина Соболенконың еншісінде 7550 ұпай. Осылайша, Еленаның басымдығы - 1951 ұпай.