Аңсар Айдаров "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оны бұл қызметке "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы тағайындады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жұмыс кеңесін өткізді. Кездесу барысында ол негізгі инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтап, электр станцияларын уақытылы іске қосу қажет екенін атап өтті.
Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері "Самұрық-Қазына" компаниялар тобында жұмыс істейді.
28 қазанда Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Үкімет бұл шешімді компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарқыны төмендігімен, сондай-ақ, жаңа электр өндіру нысандарының құрылысын аяқтау, оларды пайдалануға беру мерзімдерін бақылау жеткіліксіздігімен байланысты деп түсіндірді.