Илон Маск болашақта аса қуатты жасанды интеллект агенттері өздеріне ақша табу үшін қаржы жүйелеріне шабуыл жасауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кәсіпкер бұл пікірін Binance криптобиржасына жасалған хакерлік шабуыл туралы жазбаға жауап ретінде X әлеуметтік желісінде білдірді.
Оның сөзінше, болашақта суперинтеллект деңгейіне жеткен ИИ-агенттер адамдардың тапсырмасынсыз-ақ өз мүддесі үшін әрекет етуі мүмкін.
Айта кетейік, шабуылдан кейін Tether 1,5 миллиард доллардан астам USDT-ді, ал Circle 800 миллион доллардан астам USDC-ді бұғаттаған. Алайда хакер бұған дейін қаражаттың бір бөлігін Aave платформасы арқылы басқа активтерге айырбастап үлгергені айтылды.