Қазақстандық кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаевтың Лондонда өткен «Алтын доп» марапаттау рәсіміне қатысуына қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, кәсіпкер сапар кезінде пробациялық бақылауда болмаған. Бұл туралы Nege.kz басылымы хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Басылымның жазуынша, 2026 жылғы 1 маусымда сот Қайрат Боранбаевты бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын одан әрі өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кәсіпкердің Лондонға сапары кезінде пробациялық бақылауда болмағанын ресми жауапта түсіндірген.
Еске салайық, Қайрат Боранбаев 26 қазанда Лондонда өткен «Алтын доп» марапаттау рәсімінде көзге түскен. Ол – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы.
Кәсіпкер 2022 жылғы наурызда квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталған.