Павлодарда Ресей әскерін Қазақстанға кіргізуге шақырған әйел ұсталды

Павлодарда Ресей әскерін Қазақстанға кіргізуге шақырған әйел ұсталды
Ашық дереккөз

Павлодарда Ресей әскерін Қазақстанға кіргізуге шақырған видеоны таратқан әйел ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, әйел 28 қазанда Павлодар қаласында прокуратураның үйлестіруімен ұсталған.

«28 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары Павлодар қаласында прокуратураның үйлестіруімен жергілікті тұрғынды ұстады. Тиісті сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін ол есірткі заттарын сату бойынша сотталған», – деп хабарлады ҰҚК.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған видеода әйел қазақтарды қорлап, Қазақстанның бірқатар қаласы Ресейдің бақылауына өтуі керек екенін айтқан.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.