300 мыңнан астам бюджет қызметкерінің жалақысы көтерілуі мүмкін

300 мыңнан астам бюджет қызметкерінің жалақысы көтерілуі мүмкін
pixabay.com

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов мемлекеттік секторда жұмыс істейтін 300 мыңнан астам адамның жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, осы мақсатта бюджет жобасына өзгерістер енгізіліп, қосымша қаражат бөлінеді. Жалақысы өсетіндердің қатарында еңбек өтілі мен біліктілігі бар шамамен 77 мың дәрігер де бар.

«Мемлекеттік секторда бюджеттен жалақы алатын 300 мыңнан астам адам бар. Қазір бюджет жобасына өзгерістер енгізіліп, олардың жалақысын көтеруге қосымша қаражат бөлінеді. Еңбек өтілі мен біліктілігі бар 77 мыңға жуық дәрігердің де жалақысы өседі. Бюджет қазір Құрылтайдың қарауында. Түзетулерді жедел енгізе аламыз, сондықтан төлемдерді 1 қаңтардан бастап жүзеге асыруға болады», – деді Асхат Аймағамбетов.