Ханзада Уильям Қазақстанды киіктерді құтқарғаны үшін мақтады

Ханзада Уильям Қазақстанды киіктерді құтқарғаны үшін мақтады
depositphotos.com

Ұлыбритания ханзадасы Уильям Қазақстанда киік популяциясының қалпына келуін жоғары бағалап, жануарлар санын көбейтуде мемлекет қолдауы маңызды рөл атқарғанын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ханзада бұл туралы киіктерді қорғау және олардың санын қалпына келтіру тәжірибесін сөз еткен кезде айтқан.

«Бұрын жойылып кету қаупі өте жоғары болған бұл жануарлардың саны қазір айтарлықтай көбейді. Бұған Қазақстан үкіметінің үлесі зор. Ел билігі киіктің ұлттық мұра мен табиғатты қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, оны сақтауға бар күшін салды», – деді Уильям.

Оның айтуынша, Қазақстан билігінің қолдауы киік популяциясының қалпына келуіне ықпал еткен.

Айта кетейік, киік – Қазақстан даласының экожүйесі үшін маңызды жануарлардың бірі. Соңғы жылдары елімізде киік санын сақтау және қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Кейінгі деректер бойынша, Қазақстанда киік саны 4 миллионға жақындады