Әлем футболындағы ең беделді жеке марапаттардың бірі саналатын "Алтын доптың" биылғы иегері анықталды. 2026 жылдың үздік футболшысы атағын Англия құрамасының капитаны, мюнхендік "Бавария" клубының шабуылшысы Гарри Кейн жеңіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондондағы Palladium театрында өтті. Биыл «Алтын доптың» табыстала бастағанына 70 жыл толуына орай салтанатты шара алғаш рет Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылды.
33 жастағы Гарри Кейн бұл марапатқа 2025-2026 жылғы маусымдағы жоғары нәтижелерінің арқасында қол жеткізді. Шабуылшы "Бавария" сапында 51 кездесуде 61 гол соғып, командасының Германия чемпионаты мен ел кубогын жеңіп алуына елеулі үлес қосты. Ал ұлттық құрамадағы ойындарын қоса есептегенде, бір маусымда 73 гол соққан.
Кейн Англия құрамасымен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Турнир барысында қарсыластар қақпасына алты гол енгізді.
Осылайша, Гарри Кейн кейінгі 25 жылда "Алтын допты" жеңіп алған алғашқы ағылшын футболшысы атанды. Бұған дейін Англия өкілдерінен бұл марапатқа 2001 жылы Майкл Оуэн қол жеткізген еді.
"Сөз табудың өзі қиын болып тұр. Бұл марапатты Лондонда алу мен үшін ерекше қуаныш. Маған дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Биыл таңдау жасау оңай болмағанын түсінемін", - деді Гарри Кейн марапаттау рәсімінде.
Биылғы дауыс беру қорытындысы бойынша мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті "Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямаль түйіндеді. Төртінші орынға Родри жайғасса, бесінші сатыдан Лионель Месси көрінді.