Трамп Путинмен және Зеленскиймен жақын арада кездесуі мүмкін екенін айтты

Трамп Путинмен және Зеленскиймен жақын арада кездесуі мүмкін екенін айтты
видеодан кадр

АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен және Зеленскиймен жақын арада кездесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

АҚШ президенті журналистермен әңгіме барысында Ресей мен Украина арасындағы жағдай бойынша айтарлықтай ілгерілеу бар екенін мәлімдеді.

"Ресей мен Украина мәселесінде үлкен жетістікке қол жеткіздік. Жақын арада кездесу болады", - деді Трамп.

Еске салайық, бұған дейін Финляндия президенті Александр Стубб пен Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы 90 минут сөйлескені хабарланды. Тараптар Украинадағы соғысты тоқтату және бейбіт келісімге келу мүмкіндігін талқылаған.