Норвегия премьер-министрі Ресей президенті Путинмен 90 минут сөйлескенін айтты

Норвегия премьер-министрі Ресей президенті Путинмен 90 минут сөйлескенін айтты
rbc.ua

Финляндия президенті Александр Стубб пен Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы 90 минут сөйлескен. Тараптар Украинадағы соғысты тоқтату және бейбіт келісімге келу мүмкіндігін талқылаған, деп хабарлайды dalanews.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеп.

Стуббтың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес Путинмен әңгіме 20 қазанда Ослода өткен Украина, АҚШ және Еуропа өкілдерінің кездесуінің жалғасы іспетті. Келіссөзге дайындық кезінде Украина тарапымен де кеңескен.

"Әңгіменің мақсаты - Украина тарапының Абу-Дабиде өтетін алдағы бейбіт келіссөздерге қатысты ұстанымын президент Путинге тікелей жеткізу. Президент Стубб пен премьер-министр Стере әңгімеге Еуропаның атынан емес, өз елдерінің басшылары ретінде қатысты", - деп жазылған хабарламада.

Әңгіме барысында көшбасшылар Финляндия мен Норвегия Балтық теңізі аймағында, солтүстік өңірлерде тұрақты саясат ұстанып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосып келе жатқанын айтқан.

Стубб пен Стере Украинаға ұзақ мерзімді қолдауды жалғастыратынын мәлімдеп, соғысты аяқтап, келіссөзді жалғастыру қажет екенін жеткізген.