Екібастұзда жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

Екібастұзда жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Ашық дереккөз

Екібастұз қаласында болған жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Екібастұз қаласында Hyundai Solaris және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды», – деп хабарлады сейсенбі күні Павлодар облысының полиция департаментінен.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.