Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
Ақорда

Президент Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты келіп түсті.

"Кейінгі бір жыл ішінде серіктестігімізді тереңдете түскенімізге қуаныштымын. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап екі елге де пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтыды. 1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсанда өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін", – деп жазды Дональд Трамп.