Тоқаев Жолдаудан кейін Түркияға барады

Тоқаев Жолдаудан кейін Түркияға барады
Ашық дереккөз

Ердоған Қазақстан басшысын сәрсенбі күні Анкарада қабылдайтынын айтқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Құдай қаласа, сәрсенбі күні Анкарада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдаймыз. Республика күніне арналған 103 жылдық мерекені түркі әлемінен келген құрметті қонақтармен бірге үлкен қуанышпен атап өтеміз», – деді Түркия басшысы.

Бұған дейін Тоқаев 28 қазанда түске дейін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайтынын мәлімдеген.

Сонымен қатар 30 қазанда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммиті өтеді. Ердоғанның айтуынша, ұйымға мүше елдердің басшылары түркі әлеміндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

«Біз қайтадан біртұтас майдан болып, түркі әлеміндегі мызғымас бауырластығымызға іріткі салғысы келетіндерге қарсы толық бірлікте әрекет етеміз деп сенемін», – деді Ердоған.

Ақорда бұған дейін Қазақстан Президентінің Түркияға сапары аясында бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысуға шақырту алғанын хабарлаған.