Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекара маңына оңтүстікке қарай бағытталған үш артиллериялық қондырғы орналастырды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сарапшылардың анықтауынша, олар – 122 миллиметрлік М-1981 өздігінен жүретін гаубицалар. Бұл ескірген қару түрінің ату қашықтығы шамамен 24 шақырымды құрайды. Оның көмегімен Оңтүстік Кореяның Кимпхо қаласы маңындағы нысандарға соққы беруге болады.
Сарапшылардың бағалауынша, бұл қаруларды шекараға орналастыру Солтүстік Кореяның әскери әлеуетін айтарлықтай күшейтуден гөрі, оның атыс қуатын көрсетуге және назар аудартуға бағытталған болуы мүмкін.