Түркістан облысының прокурорлары ауыл шаруашылығы саласында миллиондаған теңге субсидия жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тексеріс барысында заңбұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру дерегі тіркелген.
"Сайрам ауданының шаруа қожалықтары жалған мәлімет пен құжаттарды ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштен 8 есеге заңсыз арттырған. Тексеріс нәтижесінде субсидияны жымқырудың 2 дерегі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір 4 күдіктіге қатысты 1 қылмыстық іс аяқталып, бюджетке 40 млн теңге қайтарылды, сондай-ақ, күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.