Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі төніп тұрған 2 мың адам анықталды

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі төніп тұрған 2 мың адам анықталды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі бар 2 мың адам анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстанда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі бар 2 мың адам анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция жұмысының нәтижелерін таныстыру кезінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін бағалаудың жаңа стандарты бойынша 58 мың адамды тексерген. Олардың 2 мыңы қауіп тобына жатқызылған.