Астана қаласы Есіл ауданы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында электр сымдары мен көлік шиналары өртенді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимараттан 32 адамды, соның ішінде 13 баланы құтқарды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында адамдар қауіпті аймақтан шығарылды. Өрт толығымен сөндірілді.
Төрт көлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ.