Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 486 388 теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бюроның мәліметінше, медианалық жалақы 348 415 теңгені, ал ең жиі кездесетін жалақы мөлшері 187 006 теңгені құрады.
Ерлердің бір сағаттық орташа еңбекақысы 2 859 теңге болса, әйелдерде бұл көрсеткіш 2 180 теңгеге тең болды.
Жас ерекшелігі бойынша ең жоғары жалақы 35–44 жас аралығындағы қызметкерлерге тиесілі. Олардың орташа айлық табысы 489 629 теңгені құрады. Ал 16–24 жас аралығындағы жастардың орташа жалақысы 310 256 теңге болды.