Степногорск қаласының прокуратурасы балаларға заңсыз көрсетілген стоматологиялық қызмет үшін 2,5 млн теңгені қайтарды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға тиісті маман сертификатынсыз медициналық қызмет көрсету дерегін анықтады.
"Viamedis ЖШС филиалының тіс дәрігері балаларға медициналық қызмет көрсету құқығын беретін тиісті маман сертификатынсыз медициналық көмек көрсеткен. Дәрігер 345 кәмелетке толмаған науқас медициналық қызмет көрсеткені, ал көрсетілген қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленгені анықталды. Негізсіз төленген медициналық қызметтердің жалпы сомасы 2 569 792 теңге болды", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою және негізсіз төленген қаражатты қайтару шаралары қабылданып, нәтижесінде 2 569 792 теңге мемлекетке қайтарылды.