Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен Ақтөбе қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтаған.
Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция әлеуметтік желілер қоғамдық кеңістік екенін ескертті.