Қазақстанның таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Төлеген Төлемұратов дүниеден өтті. Отандық спорттың дамуына үлес қосқан белгілі бапкердің қазасы туралы Sportbugin.kz басылымы хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Төлеген Темірланұлы Төлемұратов саналы ғұмырын таеквондо спортының дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге арнаған.
Ол бапкерлік қызметі барысында талай талантты спортшының қалыптасуына ықпал етіп, Қазақстан чемпиондары мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздарын дайындаған.
Марқұмның әріптестері мен шәкірттері оны өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі жоғары, спортқа адал азамат ретінде бағалаған.