Тұрғындар бес жыл шағымданған: Жамбыл облысында көлік өткелі 923 миллион теңгеге жөнделді

Тұрғындар бес жыл шағымданған: Жамбыл облысында көлік өткелі 923 миллион теңгеге жөнделді
gov.kz

Жамбыл облысында Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылының екі бөлігін жалғап жатқан өткелді қайта жаңғыртуға 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ауылдың екі бөлігін жалғайтын екі жол бар. Оның бірі - жүк көліктері жиі пайдаланатын жерүсті өткелі, екіншісі - теміржолдың астымен өтетін өткел. 

Ол ауылдың ортасында орналасқандықтан, тұрғындарға, әсіресе, жеңіл көлік жүргізушілері мен такси қызметкерлеріне қолайлы.

Бұған дейін жергілікті биліктен көмек күткен тұрғындар тоннельдегі мәселені өздері шешуге мәжбүр болған. Қыста жолды басқан мұз бен қарды жүргізушілер күрек алып, қолмен тазалаған.

"Жаңа көлік өткелінің құрылысына 923,4 миллион теңге жұмсалды. Өткелдің ұзындығы - 31 метр, биіктігі - 5,3 метр, ал жүру бөлігінің ені - 8,5 метр", - деді әкімдік өкілдері.