Алматы тауларында түн ішінде жасөспірім құтқарылды

Алматы тауларында түн ішінде жасөспірім құтқарылды
ТЖМ

Алматы тауларында түн ішінде жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3332 метр биікте орналасқан Скалистый шыңы маңында құтқарушылар 2010 жылы туған жасөспірімге көмектескен. Оған таудан түсу кезінде көмек қажет болған.

Геолокация дерегінің арқасында құтқарушылар жасөспірімнің орналасқан жерін жедел анықтап, оны "Эдельвейс" шлагбаумына дейін алып түскен. Сол жерде жасөспірім туыстарына тапсырылды.

"Жасөспірім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деді ТЖМ өкілдері.