Қазақстандық TengriAI жобасының өкілдері NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг және оның командасымен кездесті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Астанада өткен кездесуде Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жоспарлары талқыланды. Бұл туралы Нұрасыл Медеу әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді.
Кездесу барысында TengriAI жобасы таныстырылып, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін жасанды интеллект саласындағы жаһандық сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған есептеу қуатына айналдыру мүмкіндіктері сөз болды.
Нұрасыл Медеудің жазуынша, жасанды интеллект дәуірінің қалыптасуына зор үлес қосқан тұлғамен өз идеяларын бөлісіп, саланың болашағына қатысты пікірін тыңдау ерекше әсер қалдырған.
Жоба авторлары Қазақстанның энергетикалық ресурстарын жоғары технологиялық инфрақұрылыммен ұштастырып, елдің жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.
Кездесуде әр елдің жасанды интеллект саласындағы өз әлеуетін дамытуы маңызды екені атап өтілген. Ол үшін озық технологиялармен қатар, қуатты инфрақұрылым, сапалы білім беру және білікті мамандар даярлау қажет.
TengriAI жобасы Қазақстанның энергетикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаһандық жасанды интеллект нарығында өз орнын қалыптастыруға бағытталған.