Астанада монша кешеніндегі өрт кезінде 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сарыарқа ауданында Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінің шатырында өрт шыққан. Жылу оқшаулағыш материал мен электр кабельдері 10 шаршы метр аумақта жанған.
ТЖД қызметкерлері бірінші қабаттағы дәмхана мен бильярд залынан 60 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялаған.
"Энергетикалық компания мамандары нысанды электр желісінен ажыратқаннан кейін өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖМ өкілдері.