Атырауда кәмелетке толмаған қыз TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтқан. Осы оқиғадан кейін оның анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиға 14 қазанда болған. Тікелей эфир аяқталған соң қыз бен оның анасы полицияға шақырылған.
Нәтижесінде әйел бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.