22 қазанда Түркістандағы ауруханалардың біріне бір жасар сәби шұғыл жеткізілді. Анасының айтуынша, бүлдіршін байқамай сырға жұтып қойған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Дәрігерлер дереу тексеру жүргізіп, баланың ағзасындағы бөгде затты шұғыл ота арқылы сәтті алып шықты.
Қазір сәбидің жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.