Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

24-29 қазан аралығында сағат 22:00-ден 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөлігінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
