Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералдық қызметі (Роспотребнадзор) Қазақстанда ресейлік туристер арасында жаппай таралды деген ақпарат шыққан «Стратус» коронавирус нұсқасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, XFG деп аталатын және бейресми түрде «Стратус» аталған SARS-CoV-2 нұсқасы принципті түрде жаңа штамм емес. Мамандар оған 2025 жылдың қаңтарынан бері бақылау жүргізіп келеді.
Роспотребнадзор мамандары Ресейде де, шетелде де COVID-19 инфекциясының таралуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті.
Ведомство респираторлық инфекция белгілері байқалған жағдайда өздігінен диагноз қойып, емделмеуге шақырды. Дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы, мұрыннан су ағу, әлсіздік немесе тыныс алудың қиындауы кезінде дәрігерге жүгіну қажет. Нақты диагнозды дәрігер тексеру және қажет болған жағдайда зертханалық талдау арқылы анықтайды.