Таиланд туристерге елден шығу салығын енгізуді әзірге кейінге қалдырды

Таиланд туристерге елден шығу салығын енгізуді әзірге кейінге қалдырды
ЖИ: Dalanews.kz

Таиланд билігі елден кететін туристерге қосымша салық енгізу жоспарынан әзірге бас тартты. Билік өкілдері бұл бастама туристердің сапарына кедергі келтіріп, туризм саласының жандануын баяулатуы мүмкін деп есептейді. Әсіресе қазір, туристік маусым қызған кезде, саяхатшыларға қосымша қаржылық салмақ түсірмеу маңызды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бастапқы жоспар бойынша, елден шығатын әр туристен 5 мың батқа дейін қосымша төлем алу ұсынылған. Бұл Таиландқа кіру кезінде алынатын қолданыстағы 450 бат алымнан бөлек төленуге тиіс еді.

Алайда әуе билеттерінің қымбаттауы мен әлемдегі тұрақсыз жағдай саяхаттауды онсыз да шығынды еткен. Осыны ескерген билік туристерге қосымша қаржылық міндеттеме жүктемеу туралы шешім қабылдаған.

Таиландтың Қаржы министрлігі елде өткен ірі халықаралық кездесулерден кейін қалыптасқан оң нәтижені сақтап қалуды көздеп отыр. Ведомствоның мақсаты – туристердің елге қайта-қайта келуіне жағдай жасау және Таиландтың саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыру.