Байқоңырда полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын салған 17 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Прокуратура мәліметінше, оқиға 1 қазанға қараған түні қаладағы саябақтардың бірінде болған. Тәртіп сақшылары мас күйінде жүрген жасөспірімді тоқтатқан. Алайда ол полицейлердің заңды талабына бағынудың орнына оларды балағаттап, ұсталған кезде қарсылық көрсеткен.
Жанжал кезінде жасөспірім полиция қызметкерлерінің бірін санынан тістеп, жарақат салған.
Қазір ол билік өкілдерін көпшілік алдында қорлады және полиция қызметкеріне күш қолданды деген күдікке ілінді. Істі "Байқоңыр" кешеніндегі Ресейдің Тергеу комитеті тергеп жатыр.