Алматыда түнде жоғары жылдамдықпен жүріп, полицияның талабына бағынбаған 19 жастағы жүргізуші ұсталды. Оқиға таңғы сағат 4:30 шамасында Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәліметке сүйенсек, Боран-421 экипажы мемлекеттік нөмірі жоқ Toyota көлігін байқаған. Жүргізуші полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, жылдамдықты керісінше арттырып, адам көп жүретін көшелермен қашуға тырысқан.
Патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, Ходжанов көшесінде жолын бөгеген. Рөлде Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны болған. Ол көлік басқарудан шеттетіліп, көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізуші бірнеше құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды.