Құны - 180 млн теңге: Қорғас арқылы Қытайға ақбөкен мүйізін әкетпек болғандар ұсталды

Құны - 180 млн теңге: Қорғас арқылы Қытайға ақбөкен мүйізін әкетпек болғандар ұсталды
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі 20 қазанда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін.

Енді материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.