Кейінгі үш жылда Қазақстанда кәмелетке толмаған 7 мыңға жуық жасөспірім қылмыс жасаған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, олардың әрбір екіншісі ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
Ресми дерек бойынша 2,5 мыңға жуық жасөспірім сотталған, тағы 3 мыңы полицияның профилактикалық есебінде тұр. Тек биылдың өзінде буллинг дерегі бойынша 2 мыңнан аса өтініш түскен.
Сонымен қатар, 10 айда 19 мың рейд жүргізіліп, 4 мың жасөспірім профилактикалық есепке қойылған. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 2 400 бала анықталған.