1,5 млрд теңгенің алтын құрамды кенін елден жасырын шығармақ болғандар ұсталды

1,5 млрд теңгенің алтын құрамды кенін елден жасырын шығармақ болғандар ұсталды
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын 2,6 мың тонна алтын құрамды кенді елден заңсыз алып шығу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Шикізатты шетелге шығару үшін кеден құжаттарында жүк "мыс кені мен концентраттары" деп көрсетілген. Осылайша, оның нақты құрамы жасырылған.

Тергеу және жедел іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1 000 тоннадан аса шикізат табылған.

Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруға қатысы бар RedGold Mining ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры мен өзге де тұлғалар анықталды. Екі күдікті қамауға алынды.