Шымкентте екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетінін айтып қорқытқан.
Алдын ала тергеу мәліметіне сәйкес оқиға қала базарларының бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.
Жедел іс-шаралар барысында Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, күдіктілерді талап етілген соманың 5 миллион теңгесін алып жатқан жерінен ұстаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.