Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі балалар алаңының әскери тақырыпта безендірілуі әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Ойын кешенінде қарулы сарбаздар, әскери тікұшақтар мен ұшақтардың суреттері бейнеленген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Threads әлеуметтік желісінде didar_toledo есімді қолданушы Астанадағы «Шар Құрылыс» тұрғын үй кешенінде орналасқан ойын алаңының суреттерін жариялаған. Ол балалар күн сайын соғысқа қатысты суреттерді көруге мәжбүр болуы керек пе деген сұрақ қойған.
Жарияланған фотолардан ойын кешенінің қабырғаларына әскери тақырыптағы суреттер салынғанын көруге болады. Бір панельде қолына қару ұстаған әскери адам, оның артында әскери техника мен жарылыс көріністері бейнеленген. Басқа бөліктерінде жауынгерлік тікұшақтар мен ұшақтардың суреттері бар.
Жазбаға пікір қалдырғандар мұндай безендіруді сынға алды. Кейбірі балалар ойнайтын ортаның әскиленуіне алаңдаса, енді бірі ұшақтардың артындағы ақ, көк және қызыл түсті іздерге назар аударып, оны Ресей туының түстерімен байланыстырған.
Алайда ойын кешеніне мұндай суреттерді кім таңдағаны және оны орнатуға кім жауапты болғаны жарияланған материалдарда көрсетілмеген.