Щучинскіде көпқабатты үй өртеніп, 75 адам эвакуацияланды

Щучинскіде көпқабатты үй өртеніп, 75 адам эвакуацияланды
видео кадры

Ақмола облысының Щучинск қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды. Олардың арасында 20 бала бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

22 қазанға қараған түні Щучинск қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенген.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 75 тұрғынды, оның ішінде 20 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Адамдардың бір бөлігі баспалдақ арқылы эвакуацияланса, қалғандары өрт сөндіру автосатысының көмегімен құтқарылған.

Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.