АИТВ жұқтырып алған: Павлодарда екі кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды

АИТВ жұқтырып алған: Павлодарда екі кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды
Түрме. Көрнекі фото: Photo by Sam Scholes/Getty Images

Павлодарда 10 және 11 жастағы екі қызға жыныстық зорлық көрсеткен 48 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қыздардың екеуінде де мүгедектік бар және олар үйден оқыған. Оқиғадан кейін балалардың АИТВ жұқтырған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, оқиға 2025 жылдың көктемінде болған. Сотталған ер адам 2018 жылдан бері қыздардың анасымен қарым-қатынаста болған. Әйел балаларын бірнеше рет оның қарауына қалдырған.

Қылмыс болған күні қыздардың анасы үйде болмаған. Ал ер адам масаң күйде болған. Сот процесінде айыпталушы жауап беруден бас тартқан. Осыған байланысты мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, сотта оның қылмыс жасалған кезде өзінің АИТВ мәртебесі туралы білген-білмегенін анықтау мүмкін болмаған.

Сот істі қарап, ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.